Президент • 18 Қазан, 2023
Қытайда келесі жыл қазақ туризмінің жылы болып жарияланды
Мемлекет басшысы ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Ясауи мұрасына қатысты жұмыстардың барлығы әлемдік деңгейде жүргізілуі керектігін айтқан болатын. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес Ясауи мұраларын зерттеу бағытында орталық немесе институт құру жұмыстары жүргізіліп отыр. Бұл жөнінде Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұрасына жаңа көзқарас» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда айтылды.
Зерде • 18 Қазан, 2023
Еліміздің қалмақтармен бірнеше ғасырға жалғасқан, бірде үзіліп, қайта өршіп отырған шайқасы 300-350 жылға созылыпты. Әбілғазы баһадүр 1603-1604 жылдары қалмақ әскері Хорезмге шабуыл жасады деп жазады. Қалмақ қолының қазақ жері шекарасынан бойлай өтіп, Орта Азия аумағына дейінгі кеңістікке сұғынып кеткенін баяндайды. Оларға қатты соққы берген Есім хан бастаған қазақ әскері 1627 жылы қалмақтарға шабуыл жасады, қалмақтар амалсыз кейін шегінеді. Бұдан кейін Жоңғар одағын құрған қалмақтармен бірнеше жойқын ұрыс, кескілескен майдан болғаны тарихтан мәлім.
Ұлттық спорт • 18 Қазан, 2023
«Әулиеата» – 13 дүркін чемпион
Ұлттық спортымыз көкпардан Таразда ұйымдастырылған ХХІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Айтулы додаға еліміздің 15 өңірінің командалары қатысып, өзара кім мықты деген сауалға жауап іздеді.
Театр • 18 Қазан, 2023
Халқымызда «Өмір қысқа, өнер мәңгілік» дейтін қанатты сөз бар. Мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Қорқыт күйлері, алты ғасыр асса да, ешқашан ескіре қоймайтын Асан қайғы толғауы мен кешегі өткен Құрманғазы күйлері, Ақан, Біржандардың әсем әндері де елмен бірге мәңгі жасасып келеді емес пе? Өнердің мәңгілігі де осыдан екендігі аян. Ал театр туралы сөз қозғасақ, ол – әрине, ғажайып дүние. Драмалық әрекеттер арқылы өнер көріністерін көрерменнің көз алдына актерлер күшімен бейнелейтін сахналық киелі өнер деп білемін.