Аймақтар • 18 Қазан, 2023

Ясауи мұрасына жаңа көзқарас

157 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Ясауи мұрасына қатысты жұмыстардың барлығы әлемдік деңгейде жүргізілуі керектігін айтқан болатын. Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес Ясауи мұраларын зерттеу бағытында орталық немесе институт құру жұмыстары жүргізіліп отыр. Бұл жөнінде Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұрасына жаңа көзқарас» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда айтылды.

Ясауи мұрасына жаңа көзқарас

Ясауи мұраларын зерттеу үрдісінің ауқымын кеңейту мақ­сатында Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен «Әзірет Сұл­тан» мемлекеттік тарихи-мә­дени музей-қорығы» РМҚК мен Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерт­теу ор­та­лығы бірлесе ұйымдас­тыр­ған ха­лықаралық ғылыми жи­ын­ға Франция, Түркия, Ресей, Өз­бек­стан, Қырғызстан, Баш­құрт­­станнан және елімізден ясауи­танушы-ғалымдар қатысты. Кон­ференцияны Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының бас ғылыми қыз­меткері, текстолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Муминов жүргізіп отырды. Алдымен сөз кезегін алған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік та­рихи-мәдени музей-қорығының директоры М.Садықбеков алыс-жақын шетелдерден және еліміз­дің түкпір-түкпірінен келген ғалым­дарға алғысын білдірді. Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұраларының адамзат тарихы үшін алар орны ерекше екендігіне тоқталды. Ал Ислам тарихы, өне­рі мен мәдениетін зерттеу ор­талығы директорының орынбасары, профессор Ж.Томар аталған орталықта Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен Ұлы дала төсіндегі қалалар мәдениетіне қатысты жеке зерттеулерді жарыққа шығарып жатқандығын сөз етті. Музей-қорық кітапханасына сия­сы кеппеген кітаптарын сыйға тартты. Ал музей-қорық директоры М.Садықбеков зерттеу орталығына музейдің баспа өнімдерін сыйлады. Конфе­ренция жұмысына сәттілік тіле­ген Түркістан облысы мәде­ниет басқармасының бас­шысы Ә.Қой­лыбаев өңірдің Түр­кия Республикасының кино­ре­жиссерлерімен бірлесіп, Қожа Ахмет Ясауидің өміріне қа­тыс­­ты кино түсіру жұмысы атқа­рылып жатқандығын жеткізді. Конференция сессиясында Түркия ғалымы, профессор Ж.Томар «Ахмет Ясауи дәуірі: Қараханилер және Ислам», франциялық ғалым, профессор Т.Заркони «Ахмет Ясауи, ұлт құрудың ұлттық әулиесі: қа­зіргі Орталық Азиядағы қасиет­тілік және бірегейлікті іздеу», өзбекстандық ғалым, доктор Х.Джа­­лилова «Ахмет Ясауи мұ­расы туралы Абдурауф Фитрат», Амстердам университетінің профессоры А.Бустанов «Кеңестік Қазақстандағы шығыстану туралы ойлар», ХҚТУ профессоры М.Қожа «Қожа Ахмет Ясауи қызметіне байланысты Түркістан қаласы мен оның маңындағы ескерткіштер» тақырыбында баяндама жасады. Екінші сессияда да ғалымдардың маңызды тақырыптар бойын­ша жасаған баяндамалары конфе­ренцияға қатысушылардың қы­зығушылығын тудырып, жан-жақты талқыланды. Ясауи мұра­сына жаңа көзқараспен қарап, бүгінгі күннің қажетіне жарату аса маңызды мәселелердің бірі екені айтылды.

Осылайша, отандық және шет­елдік ғалымдар екі күн бойы Әзірет Сұлтан мұрасының және сол ұлы мұраға қатысты еңбектердің зерттелу мәселелері жайлы жан-жақты баяндап, әр баяндаманы терең талқылап, саралады. XVIII-XIX ғасырлардағы ясауия мәдениетіне қатысты мәселелерді зерттеуге арналған конференция жұмысының қорытындысында арнайы қарар қабылданды. Баяндама жасаған ғалымдарға арнайы сертификат тапсырылды.

 

ТҮРКІСТАН