Экономика • 20 Қазан, 2022
Төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет пе?
Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салу туралы бастама арагідік көтеріліп тұрады. Қазір елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар – Атырауда, Павлодарда және Шымкентте. Павлодар мен Шымкент МӨЗ-і жылына шамамен 6 млн тоннадан астам мұнай өңдесе, Атырау МӨЗ-нің қуаттылығы 5,5 млн тонна шамасында. Жалпы алғанда, бір жылда үш МӨЗ бірігіп 18 млн тоннаға жуық мұнай өңдейді.
Саясат • 20 Қазан, 2022
Тиянақты бюджет – тұрақты даму тұтқасы
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында бюджеттен 2023-2025 жылдарға арналған қаражатты бөлу туралы бірқатар құжат мақұлданды. Сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау мәселесі де қаралды.
Саясат • 20 Қазан, 2022
Мемлекеттілік туралы мәлімдеме
Қазақ елі өзінің мемлекеттік сипатынан біртіндеп айырылып, алдымен Ресейдің бодандығына түсті. Оның отаршылдыққа қарсы және тәуелсіздік жолындағы күресі XX ғасырдың басындағы империялардың күйрей бастаған шағында да нәтиже бермеді. Большевиктердің ұлттық республикаларды құруы іс жүзінде көзбояушылық болып шықты. Елде ұлтсыздандыру үдерісі белең алып, республикалар саяси дербестігінен айырылды. Ұлттық тарих пен мәдениет идеологиялық қыспаққа түсіп, қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналып, оның ұлттық мүддесі жалған интернационалистік саясаттың қақпанына түсті. Ол рухани дағдарысқа ұшыратып, ана тіліміздің қолданыс шеңберін тарылтты. Қазақстанның табиғи ресурстары талан-таражға түсті. Сонымен бірге Қазақ елі «халықтар достығының лабораториясы», «жүз тілдің планетасы» ретінде тек әскери емес, саяси-әлеуметтік және идеологиялық тәжірибе алаңына да айналды. Жетістіктерден гөрі жоғалтқанымыз басым болды. Ақыр соңында алып КСРО өзінің эволюциялық даму қуатын тауысып, тоқырауға ұшырады. Кеңестік әкімшілдік-өктемшілдік жүйе қожырап, қоғам ыдырай бастады.
Саясат • 20 Қазан, 2022
Өңір мен өмір немесе Президенттің облыстарға сапары жөнінде бірер сөз
Саясаттың жазылмаған өз қағидаты бар. Билік басындағы адамды тану үшін оның ісі мен сөзіне қарайды. Егер олар бір-бірімен үйлесім тауып жатса, қоғамдық пікір бір арнаға түседі.
Экономика • 20 Қазан, 2022
Былтыр қуаңшылықтан іш тартып қалған ақмолалық диқандар ерте көктемде қарабұйра танапқа тұқым сіңірген кезде көңілдерінің қобалжулы екенін жасыра алмаған. Көктен иіп, жерден берсе екен дескен олар. Биыл сол игі тілектеріне орай мол өнім жинады.