Қазақстан • 20 Қазан, 2019
1 желтоқсаннан бастап бензин бағасы қымбаттайды
Бұл жолғы қымбатшылыққа бензин литрі акциз ставкасының өсуі себеп болып отыр екен. Бірақ үкіметтің экономикалық блогы акциздердің ұлғаюы бюджеттен шығындардың ұлғаюын азайтуға көмектесетінін айтып отыр. «Бензиннің барлық түрлерінің құны акциздердің екі еседен артық өсуіне байланысты өседі. Сонымен қатар бензин бағасының 10 теңгеге өсуі тұтынушылық баға индексіне әсері 0,35% құрайды» дейді үкімет дайындап жатқан құжат жобасында.
Аймақтар • 20 Қазан, 2019
Маңғыстауда ауыл әйелдерінің облыстық форумы өтті
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өңірде іскер әйелдер форумы өтті. Шараға Ақтау және Жаңаөзен қаласымен, Қарақия, Түпқараған, Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу ауданынан кәсібін дөңгелетіп отырған түрлі саладағы іскер әйелдер қатысты.
Аймақтар • 19 Қазан, 2019
Сағынтаев жаңа кәсіпорындарды аралап көрді
Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы индустриялық аймақтағы жабдықтар орнатылып жатқан бірнеше жаңа кәсіпорындарды аралап көрді.
Қазақстан • 19 Қазан, 2019
Алматылық студенттерге күйдің құдіреті түсіндірілді
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, көрнекті күйші-композитор Секен Тұрысбек Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне шеберлік сыныбын өткізді. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз қызметі хабарлады.
Футбол • 19 Қазан, 2019
Футзал: Жерлестеріміздің қарсыластары анықталды
Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, Элиталық кезеңде қай команданың қай топқа түскені белгілі болады.