Алматының «Қайраты» «Бенфика» (Португалия), «Эль-Посо» (Испания) және «Песаромен» (Италия) бірге «С» тобында өнер көрсетеді. Бұл кездесулердің барлығы да Алматыда өтеді.
Рудныйдың «Аяты» «Спортинг» (Португалия), «Тюмень» (Ресей) және «Ново време» (Хорватия) клубтарымен бірге «В» тобында күш сынасады. Бұл матчтар Ресейде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңдегі бәсекелері үстіміздегі жылдың 19-24 қараша аралығында өтеді.