Бизнес • 19 Қазан, 2022
Жамбыл кәсіпкерлері суармалы су тапшылығына тап болды
«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылған кездесуде Жамбыл облысының кәсіпкерлері аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовпен су ресурстарының қолжетімділігі мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 19 Қазан, 2022
– Көзбояуы жоқ көріністерді жазбай кеттің. Мен іздеп жүріп оқушы едім, – деді бір жер ортасынан асып қалған ғалым кісі сөздің түбін түсіре сөйлеп.– Сізден басқа кім оқиды?– Менің әріптестерім мен таныстарым оқиды. Отырған жерде әңгіме қыламыз. Ол – өмірдің өзі, сен өмірдің сайқымазақ көрінісіне баға беріп отырсың ғой, – деп тәптіштеп кетті.– Әркімнің өз бағасы бар ғой.– Толстойдан бастап, анау Достоевский, орыс классиктерінің бәрі де күнделік жазған. Бұл, бір жағынан, күнделік сияқты нәрсе, мынау жарық жалғанға беретін бағаң. Сен оны тастама, – деп алғырлығы мен білімпаздығын алға тартты. Күнделік деген сөз жаныма жағып кетті. Датасын қойып, күнделік жазбасақ та осының бәрі өмір күнделігіндей боп көрінеді, өйткені сүйіну мен күйіну әркімнің басында бар. Күнделік жазсақ та ерте емес, Пайғамбар жасынан астық. Айы мен күні айтылмаған күнделік менің де көргенім мен білгенім дейік.
Экология • 19 Қазан, 2022
Солтүстік өнеркәсіп аймағындағы химиялық зауыттан қалған сынапты Ертіс өзеніне жібермеу шаралары әлі күнге жалғасуда. Өткен ғасырдың сонау тоқсаныншы жылдары басталған экологиялық жасанды кедергілер қою бағдарламасы өзінің тиімділігін байқатқан болатын. Биыл қалдықтар айналасына қорғаныс шеңбері түзіліп жатыр.
Экология • 19 Қазан, 2022
Қоршаған ортаны сақтау – қолымызда
Адамзат өркениеттің артықшылығын пайдалану үшін өзінің денсаулығын тәуекелге тігетінін біле бермейді. Бүгінгі таңда экология ең өзекті мәселе болып отыр. Соның ішінде Қазақстанның экологиялық проблемалары мен оны шешу жолдары да ғаламдық міндеттер қатарында.
Сұхбат • 19 Қазан, 2022
«Салтанат» – қайғылы, бойлауық күй»
Қазақтың төл өнерінің бірі саналатын күмбірлі күй біздің тарихымызбен біте қайнасқалы қашан. Оны атадан балаға жалғап, ел ішінде ұлықтап, болашаққа мұра етіп кеткен дана көкірек күйшілердің бірі – Төлеген Момбеков еді. Сүгірдің шәкірті болған Момбеков мұрасы ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылды. Біз біртуар күйшінің қызы Салтанат Момбековамен сұхбаттасып, әкесі туралы былайғы жұртқа беймәлім оқиғалар мен жылы естеліктерді оқырманға ұсынып отырмыз.