Аймақтар • 18 Қазан, 2024
Сенбі күні ертемен қала тұрғындары «Global City» көтерме-сауда орталығына ағылды. Өйткені күздің алғашқы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтпек. Дарқан дала дәмі қалаға өзі келді. Мұнда құстың сүтінен басқасының барлығы бар. Сөредегілер нарықтағы бағадан 10-15 пайыз арзанға сатылады.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Оралда мұғалімдерге 42 млн теңге жалақы артық төленген
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы Серебряков орта мектебінің әкімшілігі мектептің 75 педагогынан бюджеттен артық төленген 42 млн теңге көлеміндегі жалақыны өндіріп алу туралы сотқа талап арыз жолдаған, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Қазан, 2024
Ұлытау облысында «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздары анықталды. Бренд комитеті комиссиясының мүшелері финалға өткен ондықтың ішінен үш үздікті таңдады. Кезінде Жапон елінде ойлап табылған бұл жоба кейінгі жылдары елімізде де қанатын кеңге жайып келеді. Өңірлерді дамыту, әсіресе, ауылды жерлердегі кәсіп көзін көбейту мақсатын көздейтін жобаның облыс экономикасын көтеруге тигізетін үлесі де артып келе жатқаны байқалады. Өйткені облыста жыл сайын бағдарлама бойынша өтетін байқауға қатысушылар қатары көбейе түсті. Бренд комитеті таңдау жасаған облыстағы үш үздік шыққан кімдер?
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Аралас жекпе-жек жаттықтырушысы «Qarmet» қызметкерлерін бопсалаған
15 қазан күні Шахтинск қаласында «Qarmet» қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарды бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қазан, 2024
Демографиялық саясат және елдік мүдде
Сенат депутаттары демография мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орган құру жөнінде бастама көтеріп жатыр. Бұған Үкімет тарапынан жауап та берілді. Осы орайда аталған мәселені түрлі саланың сарапшы мамандары талқылаған еді. Іс-шарада Сенат депутаты Нұртөре ЖҮСІП, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің келісімшарттық қызметшісі Бәтжан АҚМОЛДИНА, ұлттық сарапшы, демограф Аяулым САҒЫНБАЕВА, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бас сарапшысы, PhD демограф Шынар ТӨЛЕШОВА, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол ҚАЛЫШ, демограф-саясаттанушы Нәйлә МҰХТАРОВА пікір алмасты.