Ауыл • 18 Қазан, 2018
Өңір экономикасына серпін қосар үш жоба
Қостанай облысында Қытай бизнесмендерімен бірлескен үш инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Теледидар шығаратын зауыт (НКС Corporation Limited), YTO маркалы трактор құрастыратын өндіріс құру (YTO Group Corporation), ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдейтін заманауи кешен («BioQrain» ЖШС) құрылысы басталатын уақыт та алыс емес.
Медицина • 18 Қазан, 2018
«Ақсу – Курчатов» тас жолының 24 шақырымы жөнделіп бітті
Павлодар облысында «Ленин – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автомобиль жолы учаскесінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. BI Road Construction компаниясы аталған жолдың 80-99 және 115-120 шақырымдар аралығын толығымен қалпына келтірді.
Қоғам • 18 Қазан, 2018
Зымыран құлаған аумақ бақылауда
Жақында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Союз МС-10» ғарыш кемесін орбитаға алып шығар кезде апатқа ұшыраған болатын. «Роскосмостың» мәліметінше, құрамында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған экипаж «Союз МС-10» кемесімен 11 қазан күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан көтеріле бергенде, штаттан тыс жағдай орын алған. Зымыран тасығыш пен әуе кемесі бірнеше бөлікке бөлініп, Қарағанды облысының аумағына құлады. Сәтін салғанда, экипаж дін аман. Ғарышкерлер орналасқан бөлік кемеден дер уақытында ажыратылып, капсула Жезқазғанға жақын маңға келіп түскен. Қазіргі уақытта зымыранның бөлшектерін жинау және оларды құлау ауданынан шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Медицина • 18 Қазан, 2018
Астанаға көгілдір отын қашан келеді?
Жуырда Үкіметтің кезекті отырысында Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында Астана қаласына табиғи газ тартуға қатысты «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының жобасы қаралды.
Президент • 18 Қазан, 2018
Ел игілігін еселейтін табысты сапар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасына ресми сапарының екінші күні Финляндия Президентінің сарайында ресми қарсы алу рәсімінен басталды. Финляндия Президенті Саули Ниинистё Қазақстан Президентін ресми қонақтарға сай сән-салтанатымен күтіп алды.