Сенат • 17 Қазан, 2023
М.Әшімбаев: Дін мәселесінде ата-бабалардың ұстанымынан ауытқымауымыз керек
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті. «Әділетті Қазақстан және ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 17 Қазан, 2023
Жаңа түскен келіндер қандай ырым-тыйымдарды білу керек?
Келінге байланысты тыйымдардың екі түрі бар. Бірі – келіннің жеке басына салынатын тыйымдар (келін ата-енесінің төсегіне отырмайды, жалаңбас жүрмейді т.б.), екіншісі - басқа үлкен-кіші адамдардың жаман ырымдарынан сақтанып, өздерін тыйып ұстайтын іс-әрекеттері (жаңа түскен келіннің төсегіне басқа әйелді отырғызбайды, себебі жаман ырым жасап кетеді деп қауіптенеді). Мәселен, баласы түсіп қала беретін әйелдер жаңа түскен келіннің төсегіне ешкімге білдірмей отырса, бала тоқтап, перзентті болады, есесіне жас келін баланы аз табады деп ырымдап, ондай жағдайға жол бермейді. Ертеден келе жатқан ырымдарға байланысты қазақ келіндерінің қайсыбір нәрселерді істеуден тыйылып, олардан аулақ болуға тырысатын тыйым түрлерінің күні бүгінге дейін тәрбиелік мәні бар. Төмендегілер осы айтылғандарды айғақтай түседі:
Айбын • 17 Қазан, 2023
Жетісуда әскерге асық жастар көп
Қазіргі геосаяси жағдай ушығып тұрғанда еліне қорған болар жастарды тәрбиелеу маңызды. Осы ретте Жетісуда түрлі іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Тіпті, Екінші дүниежізілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді туған жеріне жерлеу рәсімі де қолға алынып отыр. Осы ретте Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы подполковник Медет Турскелдиевпен әңгімелескен едік.
Өнер • 17 Қазан, 2023
Сүгірдің өзі сүйсініп, өнеріне тәнті болған күйші Жаулыбай Иманәлиев неге елеусіз қалды?
Шертпе күйдің шебері, журналист, өнер зерттеушісі Жаулыбай Иманәлиевтің жасы 81-де. Алматыда жалғызілік, күтушінің қолына қарап қоңыртөбел ғұмыр кешіп жатыр. Бұл кісінің тағдыры сан сілемде тарамдалып жатыр. Ол қазақтың дәулескер күйшісі Сүгір Әліұлының көзін көріп, алдында күй тарту құрметіне ие болып, әйгілі күйшінің ықыласына кенелген жан. Бүгінде таным өрісі қазынаға толы қарияның қос жанары көлденең келген суқараңғы кеселінен көрмейді.
Президент • 17 Қазан, 2023
«Қазақстан темір жолы» мен СRRC арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады
Қазақстан Президенті CRRC Сorporation Limited компаниясының басқарма төрағасы әрі атқарушы директоры Cунь Юнцайды қабылдады. Кездесу барысында машина жасау және теміржол транспорты салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.