Қазақстан • 18 Қазан, 2019
Елордада үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі?
Жұмыс күні басталғанға дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов №51 және №52 мектептері аумағындағы екі жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Бірінші нысан - №52 мектеп (Бурабай көшесі) болды. Жаңа білім беру нысаны 1200 орынға есептелген. Қазір оқушылар саны 1,5 мыңды құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 18 Қазан, 2019
Көпбалалы отбасылар жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 18 Қазан, 2019
Қазақстан және Уругвай Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі өтті
2019 жылғы 17 қазан – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Уругвайдың Сыртқы істер министрі Родольфо Нин Новоамен кездесу өткізді және бұл екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы осы латынамерикалық елдің сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға жасаған ең алғашқы сапары шеңберінде өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бокс • 18 Қазан, 2019
Бокс: Фуджейрадан табысты оралды
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Фуджейра қаласында бокстан жастар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Қазақстанның ұлдар құрамасы бұл жарысты сегіз жүлдемен қорытындылады.
Спорт • 18 Қазан, 2019
Дзюдо: Жарыстың екінші күні де жүлде бұйырмады
Марокконың Марракеш қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің екінші күні де Қазақстанның дзюдошыларына жүлде бұйырмады.