Спорт • 18 Қазан, 2019

Дзюдо: Жарыстың екінші күні де жүлде бұйырмады

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марокконың Марракеш қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің екінші күні де Қазақстанның дзюдошыларына жүлде бұйырмады.

Дзюдо: Жарыстың екінші күні де жүлде бұйырмады

Ұлдар арасында 73 кило салмақта күрескен Бақытжан Абдурахманов Чехия мен Португалия балуандарын ұтқанымен, үшінші кездесуінде ресейлік Георгий Елбакиевке есе жіберді. Осы бәсеке барысында қандасымыз үш шидо алды. 

Қыздар арасында Меруерт Сәрсенова (57 кило) мен Кристина Сотникова (60 кило) алғашқы айналымнан аса алмады. Меруерт өзбекстандық Нилуфар Ермағамбетоваға, ал Кристина косовалық Лаура Фазлуға жол берді. 63 кило салмақта белдескен Ақерке Құлаш үшінші кезеңге дейін жетті. Бастапқыда ол Оңтүстік Корея мен Италияның өкілдерінен айласын асырғанымен, венгриялық балуанға әлі жетпеді.