Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Елордада үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі?

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыс күні басталғанға дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов №51 және №52 мектептері аумағындағы екі жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Бірінші нысан - №52 мектеп (Бурабай көшесі) болды. Жаңа білім беру нысаны 1200 орынға есептелген. Қазір оқушылар саны 1,5 мыңды құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі?

Жұмыс күні басталғанға дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов №51 және №52 мектептері аумағындағы екі жаңа корпустың құрылыс барысымен танысты. Бірінші нысан - №52 мектеп (Бурабай көшесі) болды. Жаңа білім беру нысаны 1200 орынға есептелген. Қазір оқушылар саны 1,5 мыңды құрайды.

Екінші нысан №51 мектеп (Аман көшесі) болды. Мектепте 2870 оқушы оқиды, алайда гимназия 1200 орынға есептелген. Жаңа корпус қосымша 300 оқушы орнымен қамтиды. Нысандарды тапсыру мерзімі-келесі жылы.

Қала әкімі А.Көлгінов құрылыстың мерзімінде аяқталуының, сапалы құрылыс пен аумақты көркейтудің маңыздылығын атап өтті. Кешенді жоспар аясында 5 жыл ішінде 50 мектеп салу жоспарланған. (Олардың 10-ы жаңа корпустар).