Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Сырдария ауданы тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбіліктерге қатысып, тазалық сақтауға өз үлестерін қосып жүр. Аудан орталығы Тереңөзек кентінде жалғасын тапқан бастама аясында қарапайым тұрғындармен қатар, түрлі мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер «Сырдария еріктілері» штабының волонтерлері кент көшелерін тазалады.
«Таза Қазақстан» • 17 Қазан, 2024
Атырау облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту әлі жалғасып келеді. Акция кезінде жағалаудағы қоқыстар жиналып, көшеттер егілді.
Жәдігер • 17 Қазан, 2024
Қазақ тарихына қатысты құнды-құнды жәдігерлердің көшірмесі көзінен тізіліп, том-том еңбек елге таныстырылды. Бұл игіліктерді Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мамандары шетел архивтерінен жеткізген. Мамандар бұларды «Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасы шетелдің архив қорлары жинақтарында» ғылыми жобасы шеңберінде жүзеге асырған. Институт ғалымдары Мемлекеттік орталық музеймен бірлесіп өткізген «Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы» көрмесіне қазақ мемлекеттілігінің тарихына қатысты құнды мәліметтер шығарылды.
Таным • 17 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Алып асқабақтар
Калифорнияда дәстүрлі түрде өтетін бұл бәсекенің жыл сайын көрермені де, қатысушысы да артып келеді. Жарыс шарты біреу-ақ. Кімнің асқабағы үлкен, сол – жеңімпаз.
Аңдатпа • 17 Қазан, 2024
18 қазан - «Темір қатын» С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Ш.Башбековтің «Темір қатын» комедиясы ұсынылады. Режиссері – А.Қырықбаев.