Шаруашылық • 15 Қазан, 2024
Қант қызылшасына жаңа технология керек
Өңірдегі өзекті мәселе – қант қызылшасының алдағы тағдыры. Қазір мамандар шетелдік тәсілді пайдаланып, мол өнім алуды көздеп отыр. Бұл ретте тамшылатып суару технологиясының маңызы зор. Мәселе «Alem agro», «KWS» компанияларының ұйымдастыруымен «Кең дала» шаруа қожалығының қызылша алқабында өткен жиында талқыланды. Онда тұқым мен тыңайтқыш түрлері мен жаңбырлатып суару әдісі де сөз болды.
Аймақтар • 15 Қазан, 2024
Күзгі дала науқаны қызып тұр. Баптап өсірген бидайды соңғы дәніне дейін жинап алу ала жаздайғы ауқымды жұмыстың маңызды бөлігі. Өңір диқаншылары 749,5 мың гектар аумаққа егін еккен. Оның 299,0 мың гектары – дәнді дақыл, 295,8 мың гектары – майлы дақыл, 5,8 мың гектары – картоп, 5,4 мың гектары – көкөніс, 143,5 мың гектары – жемшөп дақылдары.
Digital • 15 Қазан, 2024
Интернет сапасы қайтсе жақсарады?
Елімізде интернет сапасы кейінгі жылдары біршама жақсарса да, әлемдік стандарттармен салыстырғанда әлі де төмен. Халықаралық Speedtest Global Index дерегі бойынша, 2023 жылы Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 82-орынға тұрақтаған.
Құқық • 15 Қазан, 2024
«Жиһаз алаяқтары» айылын жияр емес
Астанада он шақты жылдан бері тұратын бір таныс бар еді. Кеше ол «Жиһаз алаяқтары» қалай тақырға отырғызып кеткенін баяндап берді. Оның өзегін өртеген әңгімесін тыңдап отырып, заңы салтанат құрған құқықтық мемлекетте «жиһаз алаяқтарын» неге тайраңдатып қойғанымызды түсіне алмай дал болдым.
Digital • 15 Қазан, 2024
Еліміз Орталық Азиядағы «Google for Startups» жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін алғашқы және жалғыз мемлекет мәртебесінде қала бермек. Биылғы «Silkway Accelerator 2024» бағдарламасына елімізден бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Пәкістан, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және БАӘ елдерінен 238 стартап қатысуға ниет білдірген еді. Солардың 13-і ғана қатаң іріктеуден өтіп, жобаны сәтті аяқтады.