Шымкент • 15 Қазан, 2024
Мүгедектігі бар азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылды
Қазан айының екінші жексенбісі елімізде мүгедектігі бар азаматтардың күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай Шымкентте «Мейірім – жан шуағы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның өтуіне мұрындық болған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.
Ұлттық спорт • 15 Қазан, 2024
Қоңыр күзде қыран құстарын көтерген бүркітшілер Бозанбайдың іргесіндегі Бүркіттөбеде бас қосты. Дәстүрлі «Шығыс салбурыны» биыл былтырғыдан өзгеше өтті. Жоғары деңгейде. Ұйымдастырушылардың есеп-қисабына қарасақ, халықаралық турнирдің шешуші сайысын бес мыңдай турист келіп қызықтаған.
Руханият • 15 Қазан, 2024
Руханият қызметіндегі онжылдық белес
Биыл Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына 10 жыл толды. Әрі 24 қазан – Кітапханашылар күні. Осы мерейлі датаға орай Шымкентте «Кітапхана – өркениет мұрасы» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды. Ғылыми басқосу әкімдіктің, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен өтті.
Ұлттық спорт • 15 Қазан, 2024
«Қазанат» дүбірге бөленген күн
Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорт түрлерінен фестиваль өтті. 25 қазан – Республика күні мен мәслихаттардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыстың жалпы жүлде қоры – 32 миллион теңге.
Байқау • 15 Қазан, 2024
Қостанайда ұлт ұстазы, қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы һәм реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының рухына арналып қазақ күресінен республикалық турнир өтті.