Зерде • 10 Қазан, 2023
Жамалбек Шаймерденов – кеңестік дәуір тұсында мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқарған белгілі тұлға. Ол 1963 жылы Шымкент облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болды. Екі жылдан кейін Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Осы қызметті 1983 жылға дейін атқарды. 18 жылдық жоғары лауазымдық қызметінде өңірді өркендету бағытында еңбек етіп, тер төкті. Жалпы, өткен ғасырдың 60-80-жылдарын кеңес өкіметінің алтын дәуірі десе болады. Ауыл шаруашылығы, өндіріс осы кезеңде дамыды. Осының бәрі кеңестік экономиканың өсуіне алып келді. Халықтың жағдайы түзеліп, соғыстан кейінгі қиындықтар мен тұрмыс тауқыметі адамдар санасынан ұмытыла бастаған шақ. Ел еңсесінің тіктеуіне уақытпен санаспай күндіз-түні еңбек еткен Ж.Шаймерденовтей азаматтардың бұған, әлбетте, үлесі көп болды.
Өндіріс • 10 Қазан, 2023
«Қазақстанда жасалған» тауарлар
Мемлекет басшысы 19 сәуірде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, сондай-ақ 1 қыркүйектегі Жолдауында елімізде жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керектігі жөнінде айтты. Соған орай Үкімет елімізде жасалған тауарлар тізілімін құру мәселесін көтерді.
Дін • 10 Қазан, 2023
Исламның мызғымас бес шарты һәм мұсылман адамның бес парызы – Кәлима-и шәһадат айту, яғни Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Хазірет Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік ету, күн сайын бес уақыт намаз оқу, жыл сайын ораза ұстау, зекет беру және жағдайы барлардың қажылық жасауы болып саналады. Ал тарихқа үңілсек, басқа мәселелер бойынша дінімізде қатып қалған қағида жоқтығына көз жеткізетін мысал аз емес.
Үкімет • 10 Қазан, 2023
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 12 қазандағы күн тәртібін бекітті.
Спорт • 10 Қазан, 2023
Бұл күндері елордадағы «Тарлан» мұз айдынында парахоккейден әлем чемпионаты (B-Pool) өтіп жатқаны белгілі. Кезекті жарыс күнінде отандастарымыз Финляндияны ірі есеппен тізе бүктірді.