Өндіріс • 10 Қазан, 2024
Орал қаласындағы агромаш жөндеу зауытының құрылғанына келер жылы 70 жыл толады. Тың игеру кезінде қалыптасқан өнеркәсіп уақыт сынына төтеп берді. Мамандандырылған автокөлік шығаратын ірі кәсіпорын былтыр 120-дан аса арнайы техника, 115 тіркеме шығарған. Бір кездері шаруасы шатқаяқтап қалған кәсіпорынның еңсесін қалай тіктеп алғаны тіпті қызық...
Аймақтар • 10 Қазан, 2024
«Самұрық-Қазына» қоры Сыр өңіріне үш әлеуметтік нысан тарту етті
Қызылорда қаласында компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk Kazyna Trust» КҚ қаржыландыруымен үстел теннисі орталығы ашылды. Сонымен қатар, қордың демеушілігімен 900 орындық «Жайлы мектеп» пен Оқушылар сарайының тұсауы кесілді.
Экономика • 10 Қазан, 2024
Стрестік активтер электронды алаңда сатылады
Елімізде стрестік активтерді сатуға арналған алғашқы цифрлық платформа – DMAS іске қосылды. Бұл туралы Алматыда өткен Central Asia FinTech Summit 2024 форумында хабарланды. Бастама Мемлекет басшысының стрестік активтерді экономикалық айналымға нарықтық негізде қайтару жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асты.
Қоғам • 10 Қазан, 2024
Мүгедектігі бар адамдардың құқы қаралды
Астанада мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын іске асыру аясында халықаралық семинар басталды. Оған халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Аймақтар • 10 Қазан, 2024
Ел мен ер – егіз ұғым. Екеуі бірін бірі толықтырып тұрады. Қияға самғар қыранның да қайырылып соғар ұясы болады. Адам да солай. Кіндік қаның тамған киелі атамекенің, ешкімнен именбей жүрер, еңкеймей кірер еңселі ордаң – Отаның болмаса басыңа бақ қонуы екіталай. Сондықтан да ел үшін еңіреп туған ерлер тұлпар мініп, ту ұстап, туған жерін қорғаған. Қас жауына қасқайып қарсы шапқан. Азаттық жолында айқасқан талай батырларымыздың есімі тарихта қалды. Қарауындағы халқын қантөгіссіз билеп, ақарлы-шақарлы, шалқыған жұртқа айналдырған қаншама хандарымыз өтті. Асқан ақылымен ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді бекемдеген бектеріміз бен би-шешендеріміздің, айналасын аузына қаратқан ақын-жырауларымыздың асыл сөздері – кейінгілерге өшпес өнеге.