Білім • 10 Қазан, 2025
Мұны кішкентай жүректен шыққан үлкен игілік деп атауға болатын шығар. Семей қаласында қазақтың екі қаршадай қызы көзі нашар көретін жандарға арналған мобильді қосымша әзірлеп, талайдың жүрегін еріксіз тебірентті.
Алматы • 10 Қазан, 2025
Алматы мәдениетіндегі айшықты жобалар
Алматы – еліміздің рухани бесігі, мәдени астанасы. Миллиондар тоғысқан мегаполисте ұлттық құндылықтар мен заманауи өнер үндесе дамып, көрермен көңілін баураған театрлар мен галереялар, мәдени орталықтардың қатары көбейіп келеді. Қала әкімдігінің осынау маңызды бағытқа басымдық беруі нәтижесінде мегаполисте бірқатар мазмұнды мәдени жобалар қолға алынған.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
51 мың гектар алқап қайтарылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде өңірлерде ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Біраз уақыт бұрын басталған жұмыс Жамбыл облысында да айтарлықтай нәтиже бере бастады.
Спорт • 10 Қазан, 2025
24 қазанда Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Додада 180 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасады. Еліміздің намысын ерлер сайысында Бекзод Қадірқұлов (54 кг), Темірлан Тілеулес (58 кг), Самирхон Абабакиров (63 кг), Дамир Шүленов (68 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг), Бейбарыс Қаблан (87 кг), әйелдер бәсекесінде Айдана Құмартаева (46 кг), Нодира Ахмедова (49 кг), Әзиза Қаражанова (53 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Айша Әділбекқызы (82 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг), Назым Махмұтова (73 кг), Евгения Каимова (+73 кг) қорғайды.
«Таза Қазақстан» • 10 Қазан, 2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы басталды. Шараның негізгі мақсаты – орман қорын толықтыру, табиғи тұқым қорын қалыптастыру, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.