Президент • 27 Қазан, 2017
Елбасы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. "Егемен Қазақстан" Жарлықтың толық нұсқасын ұсынады.
Қазақстан-Тәжікстан. Әріптестікті күшейту мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақановтың және Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Абдурахим Каххаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Тәжікстан Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасындағы жоспарлы консультациялар өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық талқыланды
«Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ғимаратында Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Жарасовтың төрағалық етуімен, аймақтармен бейне байланыс пішімінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда мәдениет және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жағдайы қаралды.
Парламент • 26 Қазан, 2017
Сенаторлар көрсетілетін қаржы қызметін тұтынушыларды қорғау мәселелерін талқылады
Сенатта елімізде көрсетілетін қаржы қызметін тұтынушыларды қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басшылығымен кездесу болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.