Денсаулық • 29 Қазан, 2024
Мақтаарал ауданына Алматыдан арнайы келген Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының білікті мамандары жергілікті дәрігерлердің қатысуымен тұрғындарға жоғары деңгейдегі мамандандырылған көмек көрсетті.
Таным • 29 Қазан, 2024
Француз ғалымы Бекмахановты неге іздеді?
Джордж Вашиңтон университетінің Гельман кітапханасында сақтаулы тұрған өзге Батыс елдерінде басылған ескі кітаптарда да қазаққа қатысты деректер жетерлік. Соның бірі – 1959 жылы Парижде жарық көрген француз зерттеушісі Марсел Эгретаудтың «Шығыс Совет: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан» атты еңбегі. Аталған кітабында шығыстанушы ғалым сол кездегі кеңес одағына қарасты республикалардың қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы нанымды зерттеу жасағанын түсіндік. Ал бізге керегі аталған кітаптағы қазаққа қатысты деректер еді.
Медицина • 29 Қазан, 2024
Егемендік алған кезеңнен бері денсаулық сақтау саласында түрлі бағдарламалар, жобалар іске асты. Бір бағдарламада ескерілмегенді екіншісі толықтырып отырды. Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету барысында инфрақұрылымға, құрал-жабдықтарды жетілдіруге, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінді. Қазірде медициналық көмекке қолжетімділікті жақсарту мақсатында цифрландыру мәселесі жолға қойылып жатыр. Ауыл медицинасының әлеуетін арттыруға да басымдық беріліп келеді. Осыған қарап медицина бір бағытта емес, жан-жақты дамып келе жатқанын аңғару қиын емес.
Қоғам • 29 Қазан, 2024
Желіге жеткізбей тұрған радиофобтар
Еліміздегі байланыс операторлары интернет төлемдерін жыл сайын қымбаттатқанымен, жылдамдықты жақсарта қойған жоқ. Сондықтан тұтынушылар олардың жұмысын жиі сынға алады. «Beeline» мен «Kcell» мамандары мәселеге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Жәдігер • 29 Қазан, 2024
Аталған суреттің түсініктемесінде: «Моңғолия Республикасының 14-жылы (жаңаша 1924 жыл) қараша айының 26-ы күні түстен кейін сағат 16:17-де алғашқы Мемлекеттік құрылтай елдің тұңғыш Конститутциясын қабылдап бекіткен сәт және тарих жиынды басқарған адамдар» деп жазылған.