Өнер • 29 Қазан, 2024
Әр нотасы – туған жердің бейнесі
Қазақстандық орындаушы Sangina АҚШ-та қазақ және ағылшын тілдерінде «My Motherland» («Атамекенім») қос синглін шығарды. Елімізге арналған әсерлі композиция бүкіл әлем тыңдаушыларының жүрегінен орын алды. Музыкалық трек АҚШ пен Еуропадағы радиостансаларда шырқалып, ондаған шетелдік плейлист әнді өз таңдауларына енгізді.
Күрес • 29 Қазан, 2024
Ризабектің алтыны қазақ балуандарының абыройын сақтап қалды
Албанияның астанасы Тиранада күрес түрлерінен жастар арасында өткен (U-23) әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы толық құрамда, яғни барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бірақ бозкілемге шыққан 30 балуанның тек біреуі елге олжалы оралды. Ол – Ризабек Айтмұхан.
Кино • 29 Қазан, 2024
Музыка – киноның ажырамас қосалқы бір бөлігі. Кино әуелде мылқау болып басталғанымен, кейін оны музыкасыз елестету мүмкін болмай қалды. Кезеңдердің сынағынан өткен кейбір фильм музыкасының ерекшелігімен есте ұзақ сақталып келеді. Мұның жарқын мысалын ертеректе түсірілген қазақ фильмдерінен де кездестіруге болады. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының «Қазақ киносына саяхат» атты концерт ұйымдастырудағы мақсаты да сол, ұлттық киноның өткен тарихына шолу жасап, аңызға айналған фильмдерде шырқалған ән мен күйді ұмыттырмай, көрермен жадында қайта жаңғырту болғаны анық.
Ұлттық спорт • 29 Қазан, 2024
Бұрынғылар «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деуші еді. Қазір асық атып, абыройға бөленіп, доп қуалап, дүниені допша үйіріп жүргендер көп. Соның бір айқын куәсі – «Respublica» партиясы Мерекеге орай «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде асық атудан алғаш рет ашық турнир ұйымдастырды. Турнирдің финалдық кезеңіне 17 облыс, 3 мегаполистегі іріктеу жарысының қорытындысына сай, 21 жастан асқан 2 мыңға жуық қатысушының арасынан 1-2 орын алған 40 спортшы ғана жолдама алды.
Жансарай • 29 Қазан, 2024
Қасым аға! Өмірінде пендешіліктен ада, шешенсіп көзге түсуден аулақ, қашан көрсең де қариялылықты қадір тұтып, ақсақалдыққа адал болып жүрген жан ол. Бұл кісінің осы қасиеттерін көргенде: «Сөз еткелі отырған кейіпкеріміздің бойындағы мұндай тұрақтылық пен бірқалыптылықтың сыры неде?» деген сұрақ келеді көкейімізге. Кезінде осыған жауап іздеп, «Дегдар» атты портреттік очерк пен «Бір өмірдің үш беті» деген мақала жазғанымыз бар. Бірақ сол туындыларымыздың өзінде ағамыздың болмыс-бітімін толық ашып бере алдық дей алмаймыз. Сондықтан жоғарыдағы жазбаларымыздың «кем-кетігін» толықтыру ретінде осы ғазиз жан жөнінде қолымызға қайта қалам алып отырмыз. Мақсат: өмір деген ұзақ жолда көргені көп, қым-қуыт мына тіршілікте жиған тәжірибесі мол, ХХ және ХХІ деп аталатын қос ғасырдағы күрделі оқиғаларға куәгер оның әр кездері біздерге айтқан сирек жайттарға толы сөздерін бүгінгі ұрпаққа еш қоспасыз жазып, жеткізу.