Ұлттық спорт • 07 Қазан, 2019
Қостанайлық сақшылар көкпардан облыс чемпионы атанды
Қостанай облысының Заречный кентіндегі «Арғымақ» ипподромында биылғы Ұлттық ат спорты ойындары маусымының жабылу салтанаты өтті. Спортшылар қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, тай жарыс, құнан бәйге, аламан жарыс, көкпар сияқты ұлттық ойындарда жарысқа түсті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
2020 жылы Нұр-Сұлтанда түркі әлемі елдерінің жастары арасында ақындар мүшәйрасы өтеді
Бүгін ел астанасындағы «Оқушылар сарайында» жас ақындарға арналған «Біз жастарға сенеміз» атты мүшәйраның марапаттау рәсімі өтті. Келесі жылы бұл бәйге Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылып, Түркі әлемі елдерінің жастары арасында өтетін болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 07 Қазан, 2019
«Жас сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілерінің арасында жүгіруден жарыс өтті
Нұр-Сұлтан қаласы Триатлон паркінде «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында 4 және 8 шақырымға жүгіруден жарыс өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Үкімет • 07 Қазан, 2019
Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағымы 45 есе көбейді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде азаматтық авиацияның дамуы туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ Көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры Қ. Алпысбаев, Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, «Эйр Астана» АҚ президенті П. Фостер баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 07 Қазан, 2019
Қазақстан Парламенті Сенатының делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясына қатысты
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев бастаған қазақстандық делегация Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Марракеште (Марроко) өткен күзгі сессиясына қатысты.