Спорт • 07 Қазан, 2019

«Жас сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілерінің арасында жүгіруден жарыс өтті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Триатлон паркінде «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында 4 және 8 шақырымға жүгіруден жарыс өтті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Жас сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілерінің арасында жүгіруден жарыс өтті

Жарыс Жастар жылы аясында «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен  ұйымдастырылды.

Жарыс екі қашықтықта: 4 және 8 шақырымға жүгіруден өткізілді. Үздік көрсеткішке жеткен «Жас сарбаз» тәрбиеленушілеріне бағалы сыйлықтар: қолсағаттар, повер банк – мобильдік аккумуляторлар берілді. Жарысқа  400-ден астам оқушы қатысты.

«Осындай іс-шаралар өсіп келе жатқан жас ұрпақты шынықтырып, денсаулықтарын нығайтып, төзімділігін арттырып, жастарымызды –  еліміздің патриоттарын шыңдай түсуге көп көмегі тиеді. Қазіргі ХХІ ғасырдағы гаджеттерге тәуелді болып үйден шықпайтын оқушыларды да ширатуға пайдасы мол», – дейді республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының жетекшісі Асхат Налшыбек.