Аймақтар • 29 Қазан, 2019
Алматының аймақтағы рөлі күшейеді
Алматыда Халықаралық валюта қорының Аймақтық техникалық көмек орталығы (RTAK) ашылады. Бұл туралы ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Карла Грассо айтты.
Қоғам • 29 Қазан, 2019
Әуелден «ырыстың басы – қара қазан» дейтін қазағымның дүнияуи өмірінде «ошақ», «отбасы», «қазан» киелі болып саналған. Ас дайындау құралы бола тұра, оны берекенің, ауызбіршіліктің, отбасының символы деп есептеген. Махамбет жырындағы «қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік» деуінің де осындай астары бар. Көшпелі өмірдің ажырамас бұйымына айналған бұл ыдыстың мамыражай тірлікте де, жорық жолдарында да кез келген уақытта ас дайындауға қолайлылығы, үлкенді-кішілі көлеміне қарай оңтайлылығы бөлек әңгіме.
Көзі тірісінде-ақ «орыс данышпаны» атанған әлемдік деңгейдегі әйгілі композитор, теңдесі жоқ пианист, дарынды дирижер, соңына музыкалық бай мұра қалдырған Сергей Рахманинов кеңестік жүйені мойындамай, алдымен Швеция, кейін Америка асып бара жатқанында, ақтың қашып, қызылдың қуып, қым-қуыт аласапыран шақ орнаған мазасыз мезгіл болатын.
Қоғам • 29 Қазан, 2019
Өнер қалыпқа бағынбайды. Театр талғамды, сахна жаңашылдықты сүйеді. Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнерге (Ғ.Мүсірепов – авт.) тән осы бір даралықты ту еткен еліміздің ерекше театрларының бірі – Нұр-Сұлтан қаласының Жастар театры ХІІІ театр маусымының шымылдығын Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясымен түрді.
Әдебиет • 29 Қазан, 2019
Әдебиетке әр қаламгер өзінше келеді. Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Құныпия Алпысбаев әдебиетке ән арқылы келген азамат.