Спорт • 09 Қазан, 2022
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы өтетін әлем біріншілігінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде ұйымдастырылған топтық кезеңнің бірінші турында Рикардо Кака шәкірттері Словения футзалшыларын қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті.
Қоғам • 09 Қазан, 2022
Алматы қаласында өткен кадр мамандарының тұңғыш форумы сан саланың көшбасшыларын бір арнада тоғыстырған тәжірибе алмасу алаңы ретінде есте қалды. Қоғамдық ұйымдар мен өз кәсібін өрге дөңгелеткен мақсаткер жандардан жасақталған үздік мамандар нарық заманында көштен қалмай алға жылжудың алғышарттарын айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Теннис • 09 Қазан, 2022
ATP 500 Astana Open: Джокович – жеңімпаз
Қазақстан астанасында алғаш рет ұйымдастырылған теннистен ATP 500 санатындағы Astana Open турнирі сербиялық Новак Джоковичтің жеңісімен аяқталды. «Үлкен дулыға» турнирлерінде 21 мәрте топ жарып, әлемнің экс-бірінші ракеткасы атанған ардагер Новак Джокович финалда 24 жастағы әлемнің төртінші ракеткасы грекиялық Стефанос Циципасты тізе бүктірді. Бұл – жеңімпаз Джоковичтің карьерасындағы 90-титулы болды.
Руханият • 09 Қазан, 2022
Жұма күні Астана қаласында жаңа мешіт ашылды. Игі іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жамағатты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.
Театр • 09 Қазан, 2022
Театрға адам жаны тазару үшін барады. Сырлы өнердің қоғамға берер интеллектуалдық игілігі ұшан-теңіз. Жетісу жұрты бұл ерекше әсерді Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрынан алады. Биыл өнер ордасы 47-ші маусымын ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» трагедиясымен ашты. Маусымашар қойылым көрерменнің көңілін бір толқытты.