Қоғам • 28 Қазан, 2021
Адамдардан әрдайым алғыс пен бата алады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті» екенін бөле-жара атап көрсетті. Яғни қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де, мемлекеттік қызметтер алуда да мүгедек жандар мен қамкөңіл қариялар жайсыздық сезінбеуі, кедергілерге тап болмауға тиіс. Бұл тұрғыда олармен тікелей жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлердің орны ерек.
Руханият • 28 Қазан, 2021
Қазақ халқының жаратылыс ерекшелігі – қоршаған орта, тылсым табиғатпен біте қайнасып жатыр. Яғни адам баласы өзі өмір сүрген айналасын танып, білуі оның тіршілік ету дағдысын жеңілдетері анық. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды» дейді. Ұлт көшбасшысы айтқандай, халқымыздың дүниетанымына әсер етіп, ерте дәуірде нағыз тіршіліктің өзегіне айналған өнерінің бірі – қазақтың аңшылық кәсібі. Бұл орайда, осы өнердің бүгінгі таңда қоғамдағы орны мен маңызы жайлы білу үшін елорда төрінде орналасқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Жасхайыр Қарағойшин мырзаны сөзге тарттық.
Қоғам • 28 Қазан, 2021
Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Егеменді еліміздің бастауында тұрған сол кездегі ел ағалары, бүгінгі ардагер-ақсақалдарымыз мемлекетіміздің, оның ішінде Тобыл-Торғай өлкесінің аяқтан нық тұрып, нығаюына, өркендеп дамуына, рухани жағынан кемшін қалмауына зор үлес қосты, әлі де қосып келеді. Солардың бірі – Рудный қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жақсылық Кәкенов.
Үкімет • 28 Қазан, 2021
Бағдат Мусин HUAWEI-мен келісім жасады
Қазақстандағы технологиялар, бизнес және креативті экономикаға арналған Digital bridge халықаралық форумы аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен HUAWEI арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қазан, 2021
ТМД елдерінің әлеуметтік мәселелерді талқыланды
Бүгін онлайн режимде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің XXXIV отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.