Әлем • 04 Қазан, 2024
Конвенция аз этностарға қамқор бола ала ма?
Әр мемлекеттегі азшылық этностар сол елдің заңына бағынатыны сөзсіз. Десе де, Еуропа кеңесінің Ұлттық азшылықтарды қорғау туралы негіздемелік конвенциясы қабылданып, құрамына әлемдегі жетекші елдер енді. Бұл конвенцияға қосылып, кейін шығып кеткен мемлекеттер де бар. Ал бұдан соң ондағы этностық халықтың жағдайы қалай болмақ? Жалпы, аталған құжат азшылық этносты қалай қорғайды?
Білім • 04 Қазан, 2024
Мен Атырауда тусам да, Алматыда анам – ақын Фариза Оңғарсынованың қолында өстім. Ең алғаш анам мені сол кездегі Алматыдағы жалғыз қазақ мектебі – №12 қазақ орта мектебіне ертіп барғаны әлі күнге дейін көз алдымда. Мектеп табалдырығын аттаған сәтте ойын баласы ретінде ненің не екенін түсінбесем де, кейін ер жете осынау өзімнің тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан алтын ұя мектебімнің қандай болғанын, ұрпақ үшін ғана емес, қазіргі тәуелсіз еліміз үшін қаншалықты орны биік, тарихы терең екенін ұғынған сайын, өзімді басқалардан бақыттырақ сезінемін... Оның өзіндік себебі де жоқ емес.
Әлем • 04 Қазан, 2024
Демографияны жақсартатын бастамалар
Оңтүстік Кореяда отбасын енді құрған ерлі-зайыптылар үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі. Бастама елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Әзірге бұл жоба тәжірибе ретінде қолға алынған.
Пікір • 04 Қазан, 2024
Қай дәуірде болсын ұстаздың қоғамдағы рөлі, мәртебесі жоғары. Адам жанының нәзік иірімдерін түсініп, шәкірт болмысын дөп басып танып, болашақтың бақшасына жеміс егетін де, мәуелі бақтың бағбаны да – осы ұстаздың ұлағаты, шыдамдылығы мен шеберлігі, парасаты мен даналығы. Жас буынның болмысына, жүрегіне тәрбие, білім, жалпыадамзаттық аксиологиялық ізгілік игіліктерін дарыту барысында ұстаздың ішкі жан дүниесіне тән және сыртқы келбетінен көрінетін асыл қасиеттері тоғысқанда ғана жеке тұлғаға ықпал ететіні туралы пайымды тұжырымдар әрбір заманда өзектілігін, құндылығын жоғалтпайтынын білеміз.
Басылым • 04 Қазан, 2024
Елдің ядролық энергетика бағытын айқындайтын референдум
Қазір әлемнің 30 елінде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істейді. Бұл тізімге жақын арада Қазақстан қосылуы мүмкін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Жолдауында 6 қазанда референдум өтетінін мәлімдеп, онда атом электр стансасының құрылысын жалғастыру-жалғастырмау мәселесі шешілетінін айтқан еді. Негізі елде осы мәселе біраз уақыттан бері талқыланып келеді. Қ.Тоқаев осы идеяны алғаш рет 2019 жылы елдің энергетикалық қажеттіліктеріне орай, қазба отынына тәуелділікті және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған стратегиясын таныстырған кезде жариялады. Қазақстанда уранның орасан зор қоры өндіріледі, АЭС салудың бір себебі де – осы.