Қазақстан • 07 Қазан, 2022
Құқық үстемдігі – келісім кепілі
Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Индонезияда КСДК Хатшылығы мен Индонезия Конституциялық соты ұйымдастырған «Конституциялық сот төрелігі және бейбітшілік» тақырыбындағы Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның 5-конгресіне қатысты.
Саясат • 07 Қазан, 2022
Жұдырықтай жұмылу елді жігерлендіреді
«Amanat» партиясының тарихи съезінде еліміздің түкпір-түкпірінен 1 200 делегат бас қосып, алдағы президент сайлауына өз үміткеріміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсындық. Аманаттықтар бұл бастаманы бірауыздан қолдады.
Саясат • 07 Қазан, 2022
Кешелі бері еліміздегі ірі саяси күштер, республикалық қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер мен жастар ұйымдары және басқа да ұжымдар алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатыр. «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде де Мемлекет басшысын Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылданғаны белгілі.
Қазақстан • 06 Қазан, 2022
Tax Justice network халықаралық ұйымының мәліметі бойынша кейінгі 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорларға шамамен 140-160 миллиард доллар шығарылған. Ал Ұлттық экономика министрлігінің есебінше, 30 жылда елімізден 100 миллиард доллар шетел асқан. Ұлттық банктің деректерінен 2010-2021 жылдар аралығында, яғни 11 жылда 53,4 миллиард доллар қаржының сыртқа кеткенін көруге болады. Бұл ақша бүкіл Қазақстанның жылдық ішкі жалпы өнімімен тепе-тең және еліміздің сыртқы қарызымен пара-пар. Бұл – 30 жыл бойы мұнайдан түскен табыстан 2-3 есе көп қаржы.
Саясат • 06 Қазан, 2022
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына келген сапарында Әлиханның 150 жылдығында, Қарқаралы петициясының 115 жылдығында да қозғалмаған Арқа жеріндегі Алаштың тарихы туралы дәйекті ой айтты.