Президент • 29 Қазан, 2024
Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» Жолдауында «Әуе хабтарын дамыту – өте маңызды міндет» деді. Еліміздің әуе кеңістігі арқылы жыл сайын 150 мың тоннаға жуық жүк тасымалданатынын айта келе, алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті екі есе ұлғайту жөнінде пәрмен берді.
Қоғам • 29 Қазан, 2024
Алматыда Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, Мемлекет басшысының атынан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлеріне, журналистерге, ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.
Медицина • 29 Қазан, 2024
Ғылым дамымай, медицина ілгерілемейді
Ұлттық ғылым академиясы Президиумының Қарағандыда өткен көшпелі отырысында «Медицина ғылымын дамыту. Болашақтың медицинасы» тақырыбы кеңінен талқыланды. Денсаулық сақтау саласындағы күрмеулі мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Жиынға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Парламент Сенатының депутаттары, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының, медициналық және қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.
Қоғам • 29 Қазан, 2024
Жақында облыстағы кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы дәстүрлі жоба – «Бір ауыл – бір өнім» жеңімпаздары анықталды. Көрме мен өңірлік бренд-комитетінің отырысында Мақсат Көшебаев, Гүлмира Айғожина, Раушан Мұқажанова, Айдар Елубаев сияқты жеке кәсіпкерлер Абай облысы кәсіпкерлер палатасының шешімімен 2024 жылдың грант иегерлері атанды.