Қоғам • 27 Қазан, 2024

Апаттар медицинасы орталығы бір жасар балаға көмектесті

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жас ана бір жасар баласымен Алматыдан елордаға бара жатып, жолда баланы емізуге шешім қабылдайды. Машинаның тар кеңістігіндегі абайсыз әрекеттердің салдарынан баланың шынтақ буыны шығып жарақаттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апаттар медицинасы орталығы бір жасар балаға көмектесті

«Телефон арқылы оқиғаның егжей-тегжейін анықтағаннан кейін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының тәжірибелі қызметкерлері жедел әрекет ету бригадасы қарсы алуға бара жатқанда зардап шеккен бала бар көлік «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пунктіне қарай жүруі арқылы уақытты қысқартуды ұсынды», деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Осылайша трассада зардап шеккен баланы қарсы алған құтқарушылар балапанның қолына ауырсынуды басатын дәрі егіп, оны таңып, мазасызданған анасын тыныштандырып, Балқаш қаласындағы көпсалалы ауруханаға апарды.