Қоғам • 26 Қазан, 2022
Үздік офицерлердің аналарына құрмет
Республика күніне орай Шымкент қалалық полиция департаментінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара департамент басшылығы, жеке құрам қызметкерлері, полицейлердің аналары мен №4 балалар үйі басшысының қатысуымен өтті. Салтанатты жиында қызметте ерекше көзге түскен 70-тен аса полицейдің анасы «Үздік офицердің анасы» медалімен марапатталды.
Қаржы • 26 Қазан, 2022
Қазақстанның қаржы секторы өткелектерден аман өтіп келе жатқан, тәуелсіздік алғалы 30 жылдың ішінде шарықтауды да, құлдырауды да бастан кешкен, жұмысы жүйеленген салаға айналды. Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда бұл салада кідіріс көп болғаны рас. Тек 2000 жылдан кейін жұмыс бір ізге түсіп, банк секторы қарқын ала бастады. Сақтандыру, микроқаржы ұйымы және қор нарығы да біртіндеп төрт аяғын тең басқан салаға айналып келеді. Отандық қаржы секторы қазір дамудың қалыпты жолына түсті десек болады.
Аймақтар • 26 Қазан, 2022
Еліміз бойынша көпбалалы аналардың үштен бірі Түркістан облысында тұрады. Өңірде 169 857 көпбалалы отбасы, оның ішінде 14 408 «Алтын алқа», 4 231 «Күміс алқа» иегері бар. Сондай-ақ алтын құрсақты аналардың 2 516-сы «Батыр ана» атанған, 3 938-і І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған. Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік тұрмысы, көрсетіліп жатқан көмектің көлемі қоғам үшін қашанда маңызды. Мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Дегенмен мәселенің екінші жағы барын, кей көпбалалы аналардың масылдық психологиядан арылуы керек екенін айтушылар да бар. Бұл орайда қуантатыны еңбекқор, бала тәрбиесімен қатар жұмысында да жоғары жетістіктерге жетіп жүрген аналар аз емес.
Аймақтар • 26 Қазан, 2022
Республика күніне орай Шымкент қаласының Көрме орталығында салтанатты іс-шара өтті. Биыл тұңғыш рет ұлттық мереке ретінде тойланып жатқан кешке мегаполистің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, депутаттар, түрлі саладағы қызметкерлер мен жастар қатысты. Мерекелік басқосудың шымылдығы тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер мен Республика күнінің маңыздылығы жайлы түсірілген бейнероликпен түрілді. Әрі қарай Көрме залында еліміздің Әнұраны әуелеп, сап түзеген жауынгерлер Көк туымызды ортаға алып шықты.
Қоғам • 26 Қазан, 2022
Алматыда жыл басынан бері 2 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше оқиғалар салдарынан 2 977 адам зардап шегіп, 73 адам қаза тапқан.