Спорт • 27 Қазан, 2023
Азия пара ойындарының жеңімпаздары елге оралды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында дзюдодан алғаш рет алтын алған спортшыларымызды әуежайдан туған-туыстары, жанкүйерлері мен Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қазан, 2023
Алматыда зорланған баланың анасы мәлімдеме жасады
Осы жылдың қыркүйек айында Алматыдағы жекеменшік мектепте 1-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат шықты. Зардап шеккен баланың анасы осы іске қатысы бар қылмыскер әлі табылмағанына шағымданып, желіде үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді
Президент аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген. Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Қазан, 2023
Азия чемпионатында 8 боксшы жартылай финалға жетті
Астана қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 8 боксшы жартылай финалға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Қазан, 2023
Азия пара ойындары: Велоспортшылар қола жүлдеге ие болды
Қазақстан құрамасының пара велоспортшылары Азия пара ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.