Білім • 25 Қазан, 2024
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар елдімекенінде 371 оқушыға арналған жаңа мектептің ашылу салтанаты болды. Мектеп құрылысын «Номад Құрылыс Компаниясы» ЖШС-і жүргізді. Екі қабатты ғимараттың ауданы 3000 шаршы метрден асады және үш блокқа бөлінген. Алғашқы екі бөлігінде оқу ғимараты, ал үшінші бөлігінде шеберханалар, спорт залы, акт залы және асхана орналасқан. Оқу кабинеттері барлық талапқа сай жабдықталған. Қызылжар мектебінің құрылысына 1,8 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Қазан, 2024
«Ассамблея жастары» қоғамдық шараларға белсенді қатысады
Бүгінде «Ассамблея жастары» ұйымы ел жастарының өзіндік тұлғасын қалыптастыратын, олардың жарқын бастамаларын жүзеге асыруға жол ашатын таптырмас алаңға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Қазан, 2024
Астананың бес ауданында концерттік бағдарламалар өтті
Астананың бес ауданында Республика күніне орай шығармашылық ұжымдар, орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтіп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 25 Қазан, 2024
Жетісуда Ту көтеру патриоттық акциясы өтті
Республика күні мерекесіне орай Мемлекеттік Ту көтеру патриоттық акциясы өтіп, іс-шара барлық аудан-қалаларды қамтыды. Бір ғана облыс орталығындағы акцияға мыңға жуық адам қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Алматы облысында әлеуметтік нысандар ашылды
Алматы облысы Республика күнін атап өтуді бірқатар маңызды оқиғалармен бастады. Мереке қарсаңында облыста 7 әлеуметтік маңызы бар жаңа нысан – спорт кешендері, медициналық пункттер ашылды. Бұл шаралар өңірдің өткен жылғы жетістіктерін көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.