Республика күні • 25 Қазан, 2024
Елдіктің бастауы болған бұл күннің мәні зор - Мәулен Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Республика күнінің мәніне тоқталып, ел азаматтарын мерекемен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Үш мыңнан аса қарағандылық әнұран шырқады
Ұлттық мереке - Республика күніне орай Қарағанды қаласының Тутұғыр алаңында «Қыран елім — Қазақстан» атты патриоттық акция өтті. Үш мыңнан аса қарағандылық мемлекеттік әнұранымызды асқақтата шырқады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Қазан, 2024
Қазақстан - менің екінші отаным – Жоел Адамсон
1990 жылдың 25 қазанында азаттықтың алғышарты «Егемендік декларациясы» қабылданды. Қазақстан қазығын жеке-дара қаққан бұл күні елімізде Республика күні тойланады. Ұлық мерекені тойлау 2009 жылдан 2022 жыл аралығында үзіліп қалды. Рух мейрамын қайта мерекелеу бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың маусым айында Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда қайта көтеріп, Қазақстанның бас мерекесі ретінде атап өтуді ұсынды. Сол жылдың қыркүйегінде Республика күні заңды түрде қайта оралып, мөрлі жарлық басылды. Президентіміз ұлық мереке Тәуелсіздік тұғырын шегелеуді, оның қадір-қасиетін насихаттауды мұрат ететінін әрдайым еске салып келеді. Бұл күн - тарихи тағдырлы шешімдерге бойлап, болашақты ойлайтын айрықша дата.
Спорт • 25 Қазан, 2024
Футболдан MAJILIS CUP – 2024 турнирі басталды
Бүгін Астана қаласында Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен шағын футболдан республикалық турнир басталды. Республика күніне орай ұйымдастырылған жарыс БАҚ өкілдері арасында өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қазан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.