Аймақтар • 08 Қазан, 2020
Атырауда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 қыркүйекте оқыс оқиға болған. Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны "ВАЗ-21723" көлігін мас күйінде басқарып, "Жеңіс" саябағының қоршауына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Қазан, 2020
Сенатор ұлттық электрондық балалар кітапханасы порталын ашуды ұсынды
Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Премьер-Министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі 2007 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында ашқан Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы kazneb.kz порталындағы цифрландырылған электрондық кітаптардың сапасын сынға алып отыр. Ондағы электрондық кітаптардың 3D нұсқасын оқу қиынға соғады, мәтіндері анық емес, бұлыңғыр, кейбір аудио-кітаптар мүлдем ашылмайды екен, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Қазан, 2020
Алматыда Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құрметіне аллея құрылды
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құрметіне арналған аллеяның ашылуы «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің, «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қатысуымен Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында өтті.
Президент • 08 Қазан, 2020
Президент азаматтарды сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға азаматтарды отандық және импорттық сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Қазан, 2020
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
KASE таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстанда доллар арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.