Іс-шара «Біздің есімізде - Біз мақтан тұтамыз!» патриотттық акциясы аясында өтті. Оның мақсаты Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ұлы ерліктерін мәңгі есте сақтау, соғысқа аттанған әрбір сарбаздың ерлігі мен батырлығына құрмет көрсету.
Акцияға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қарулы Күштердің генералдары мен ардагерлері, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалының және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-шара барысында жаңа аллея аумағында әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері 100 түп ағаш отырғызып, оның негізін қалады.