Аймақтар • 08 Қазан, 2020

Атырауда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 қыркүйекте оқыс оқиға болған. Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны "ВАЗ-21723" көлігін мас күйінде басқарып, "Жеңіс" саябағының қоршауына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

"Медициналық сараптама қорытындысында жүргізушінің мас екені анықталды. Полиция қызметкерлері жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен хаттама толтырды", делінген департамент хабарламасында.

Сот шешімімен 6 қазанда мас жүргізуші 20 күнге әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.