Көзі тірісінде қазақ руханиятының көгіне самғап, ұлтымыздың ықылым заманнан бергі асыл мұрасын ұлықтау ісіне өлшеусіз үлес қосқан Ақселеу Сейдімбектей аяулы тұлғаны біз осы ардақтай алдық па? Бүгін алдымыздан шыққан бұл сауалдың ертең жолымызды кес-кестеп жүргізбесі айдан анық. Өйткені қазақ ғылымының айналымына «Көшпелілер мәдениеті мен өркениеті» деген ұлы ұғымды енгізіп кеткен кемеңгер тұлғаның керектігіне деген зәрулік артқанның үстіне арта бермек.
Өнер • 04 Қазан, 2021
Ілияс Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрының жаңа маусымы өзбек драматургі Шараф Башбековтың «Темір қатын» комедиясымен ашылды. Көрерменін бірде күлдіріп, бірде ой тереңіне батырған қойылым күнделікті қарапайым тұрмыстық қарым-қатынастарды сахнаға шығару арқылы бүгінгі қоғамда болып жатқан кейбір келеңсіз құбылыстарды ашып көрсетеді.
Әлем • 04 Қазан, 2021
Грузияда «Eternity – 2021» жаттығулары басталды
Тбилисиде Әзербайжан, Түркия және Грузия әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Eternity – 2021» командалық-штабтық жаттығулары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қазан, 2021
Жұмысынан айырылғанға – төлемақы
Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,6 мың адамды құрады. Бұл ретте, биыл 58,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.
Әлем • 04 Қазан, 2021
«Пандора құжаттамасы»: Әлем көшбасшыларының оффшорлық схемаларға қатысы
Джордж Сорос қорларының бірі қаржыландырған тергеуші журналистердің халықаралық консорциумы (ICIJ) бірқатар әлемдік көшбасшылар мен қоғамдық тұлғалардың оффшорлық схемаларға қатысуы туралы «Пандора құжаттамасын» жариялады. Олардың қатарына Украина президенті Владимир Зеленский, Кения президенті Ухуру Кениатта, әнші Шакира, модель Клаудия Шифер, Хулио Иглесиас және басқа да атақты тұлғалар кірді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.