Қоғам • 25 Қазан, 2024
«Алтын бесік» әдептілікке тәрбиелейді
Әулиекөл ауылында 280 балаға арналған заманауи балабақша пайдалануға берілді. Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мұғалімдік қызмет атқарып, бала оқытқан шежірелі мекенде халық санының өсімі жоғары. Бұған дейін мұндағы екі балабақша ауыл балаларын сыйдыра алмай, тұрғындар ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр болып келген. Ел қуанышын еселеген үлкен балабақшаға аудандық білім бөлімінде кезекте тұрған балалар түгелдей қабылданды.
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Халыққа арналған әлеуметтік игіліктер
Түркістан қаласында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұған дейін Баянауыл елді мекенінде мектеп болмағандықтан, осы аумақтағы оқушылар №17, №21, №27 мектептерге қатынап оқитын. Енді ол мәселе шешімін тапты.
Тұлға • 25 Қазан, 2024
Биыл ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, ғұлама-ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толып отыр. Бұл тұлғаның ұлт руханиятына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Тарихи тұлғаның артында қалған естеліктері мен замандастары жазып алған ой-толғамдарын шолып отырып, ғалымның өмірлік мұңы барын аңғардық.
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Жаңа нысандар пайдалануға берілді
Соңғы жылдары Әулиеата өңірінде әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бірнеше жылдың бедерінде бірқатар медициналық мекемелер, басқа да маңызды ғимараттар өңір халқының игілігіне пайдалануға берілді. Бұл үрдіс мерейлі мереке Республика күні қарсаңында да жалғасты. Әсіресе аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындары мерекенің шарапатын айрықша сезініп отыр.
Білім • 25 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Ақмола облысында тағы да екі жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілді. Қабанбай батыр ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды.