Әдебиет • 27 Қазан, 2021
Сұлтанмахмұт – сұрапыл ақын. Бұл біздің емес, әдебиетшілердің берген бағасы. Шынында да, 30 жасқа дейін ұлттың сөзін сөйлеп, көкейдегісін дөп басқан Алаштың аяулы ақыны – мақтан тұтарлық тұлға.
Аймақтар • 27 Қазан, 2021
Диқандар қарызын өтей алмай отыр
Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі биылғы құрғақшылықты табиғи төтенше жағдай деп танып, диқандардың «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» мен өзге де қаржы институттарының алдындағы міндеттемелерінің өтем мерзімін ұзартуды ұсынып отыр.
Экономика • 27 Қазан, 2021
Әлемдік мұнай нарығындағы «қара алтын» баррелі қайта көтерілді. Мәселен, 18 қазанда Лондондағы ICE Futures биржасында ең өтімді Brent мұнайының желтоқсандағы фьючерстерінің құны барреліне 85,75 АҚШ долларын құрады. Бұл – 2018 жылғы 9 қазаннан бергі ең жоғары баға.
Қазақстан • 27 Қазан, 2021
Машина жасау – экономика тірегі
Ел Үкіметінің машина жасау саласына маңыз бере бастағанына көп бола қойған жоқ. Әрі кетсе он жылдың айналасы шығар. Одан көп емес. Билік бұл саланы экономиканы әртараптандырудың бір бағыты ретінде қарастырды. Әлбетте, ол кезде мұның экономиканың негізгі тірегіне айналарына көпшілік сенген жоқ. Сенбейтін де жөні бар еді. Өйткені Кеңес Одағынан мұра болып қалған кәсіпорындардың көбі талан-таражға түсіп, сала мүлдем тұралап қалған болатын.
Елорда • 27 Қазан, 2021
Бұқаралық спорт бүр жарған шаһар
Саламатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен адамның алар асуы да, бағындырар биігі де көп болмақ. Сондықтан шынығып, шымыр болуға ұлт болып ұмтылып келеміз. Соның жарқын дәлелі ретінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында бұқаралық һәм балалар спортын дамытудың дара даңғылы сәт санап қалыптасып келеді. Мәселен, күні кеше елордада «Қолжетімді спорт» жобасы қолға алынды. Соның нәтижесінде, қала тұрғындары спорттың 11 түрі бойынша таза ауада жаттығып жүр.