Туризм • 27 Қазан, 2021

Қатонқарағайда туристік кешен салынады

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарағай туристік кешені салынады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қатонқарағайда туристік кешен салынады

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері араб инвесторлармен жасалған келісімдер қандай салаларға әсер ететіндігін сұрады.

«Электр энергетикасынан басқа ауыл шаруашылығы, фрамацевтика, турзим, көлік және логистика салалары бар. Агроөнеркәсіп кешеніне 50 млн доллардан астам инвестиция тартылады. Жыл сайын 8 мың тоннадан астам қой еті шығарылатын болады. Бұл келешекте елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы экспортты арттыруға мүмкіндік береді. Ал туризм саласын айтатын болсақ, Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарай туристік кешені салынады.

Осы жобаға 120 млн доллар инвестиция тартылады. Фармацевтика бағытында араб компанияларымен ынтымақтастық елімізді қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Көлік және логистика бойынша Қазақстанның көтерме тарату орталықтары желісін дамытуға мүмкіндік береді. Осы инвестициялық жобалар азаматтарымызды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді», деді министр.

Айта кетейік, 2021 жылғы 9-10 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды.