Өндіріс • 24 Қазан, 2024
«КAZ Minerals Limited» компаниясы заманауи әрі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытып отыр. Компания Абай облысының Ақтоғай мыс кенішінде, Орлов кеніші мен фабрикасында, Павлодар облысындағы Бозшакөл кенішінде, Шығыс Қазақстан облысындағы екі кеніш пен кен байыту фабрикасында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде мыс өндірудің әлеуетін арттырып келеді.
Аймақтар • 24 Қазан, 2024
Жетісуда өзендер мен суару каналдары ауылдың іргесінен өтетіндіктен, халық арнайы көпірмен қатынайды. Қалаға, болмаса аудан орталығына баруға жүк көлігі жүретін берік құрылыс нысаны қажет. Осы ретте Сарқан ауданындағы Лепсі өзенінің, Қаратал ауданындағы суару каналының үстінен өтетін жолға жаңа көпірлер салынады. Апатты өткелдерді жаңартуды жетісулықтар көптен күтіп жүрген еді.
Еңбек • 24 Қазан, 2024
Жұмысшының жалақысы өсіп, мәртебесі артады
Еңбектің зейнетін көріп отырған аға буын жастарға әуелі адамдықтың, азаматтықтың, адал еңбектің озық үлгісін көрсетті. Еңбегімен еленіп, жұртқа сыйлы болған ардақтылардың ізін азат ойлы, жаңашыл, білімді, іскер әрі шаруаға ширақ, епті буын басып келеді. Олар да еңбек нарығынан өз орнын, еншісін алуға тиіс. Әділетті, ашық қоғамда адал еңбек лайықты бағаланса, еңбекқор жандар төрге шықса, мемлекетке экономикалық әрі идеологиялық жағынан тиімді.
Университет • 24 Қазан, 2024
Шетел оқытушыларының дәрісін тыңдады
Қазір елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары көптеп ашылып жатыр. Мұндай үрдіс ізденушілерге өз Отанынан алысқа ұзамай-ақ халықаралық деңгейдегі мамандардан сабақ алуға жағдай жасады.
Білім • 24 Қазан, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде отандық педагогика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым Күләш Құнантайқызы атындағы дәрісхана ашылды.