Экономика • 25 Қазан, 2023
8 миллиардтан 85 миллиардқа дейін
Кеңес одағының шаңырағы гүрс етіп қақ ортаға түскен бетте-ақ күллі экономикамыздың жон арқасынан басып қалды. Дербес экономика құру, валюта шығару, өнім өндіру, тауар сатып алу, тауар сату, әлеуметтік ахуалды түзеу дейтін түйткілдер тізбектеліп, бірінің артынан бірі шыға берді. Қаптаған шаруаның қайсысынан бастарыңды білмей, қарадай шаршайтын кез. Осы құрылымда экспорттың орны ерек еді. Ел болған соң өз қазаныңда қайнай бермей, сыртқа өнім саудалап, табыс тапқаның жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы деуге болатын (өйткені егемендікті 1991 жылдың соңында жарияладық емес пе) 1992 жылы небәрі 1,4 млрд доллардың тауарын экспорттадық. Арада он жыл өткенде – 2001 жылы бұл көрсеткіш 8,6 млрд доллар болды.
Экономика • 25 Қазан, 2023
Ел ішіндегі аймақаралық коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында және экспорттық әлеуетін арттыру үшін тәуелсіздік жылдары төрт тарапқа тартылған түрлі бағыттағы жолдар ашылды. Мыңдаған шақырымға созылған автомагистралдар салынды. Қазақстаннан қанат қаққан күміс ұшақтар күймесі шартарапқа тарам-тарам әуе жолдарын ашты. Танапты жарып тыңнан 3 мың шақырымға жуық теміржол желілері тартылды. Су жолдары да жаңғырды. Әсіресе соңғы жылдары құлашын кеңге сермеген Ақтау теңіз сауда порты туралы әңгіме тіпті бөлек. Жалпы, бүгінде Қазақстан аумағы арқылы 11 халықаралық транзиттік дәліз – 5 теміржол, 6 автомобиль дәлізі өтеді.
Мектеп • 25 Қазан, 2023
Республикада қазіргі кезде 7 723 мектепте 3,9 млн оқушы білім алып жатыр. Олардың 3700-ден астамы – қазақ тілінде білім беретін мектептер. Былтырғы оқу жылында мектеп бітірген 172 мың оқушының 120 мыңнан астамы қазақ тілді мектептерде білім алған болса, бұл көрсеткіш 2020-2021 оқу жылында 111 183-ті құрады. Биылғы оқу жылында бірінші сыныпқа барған 300 мыңнан аса оқушының 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.
Инфографика • 25 Қазан, 2023
Ел егемендігін алған соң, отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі басталды. Одақтан қалған 100-ден аса ғылыми-техникалық ұйым енді ғана еңсе тіктеген елдің меншігіне өткендіктен, ғылым саласын мемлекеттік деңгейде қолдаудың маңызы күн тәртібінде тұрды. Жоғарғы кеңестің 1992 жылы 15 қаңтардағы Қаулысымен «Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы» заңы қабылданды. Бұл тәуелсіздік тарихындағы төл ғылымға мемлекет тарапынан жасалған құқықтық, қаржылық, жалпы кешенді қолдаудың басы ғана болатын.
Маман • 25 Қазан, 2023
Технология дамыған сайын ғалам үздіксіз өзгеріс үстінде. Бұрын керек мамандықтар шетке ысырылып, жаңалары пайда болып жатыр. Тәуелсіздік алған жылдары жұмысқа жарамды отандастардың 55 пайызы тауар өндірумен айналысты, яғни өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етті. 2000 жылдары заңгер болу сәнге айналды. Ал қазір әр оқушы «айтишник» болғысы келеді.