Қазақстан • 24 Қазан, 2019
Елордадағы ұзаққа созылған құрылыс кешені қалай аяқталады
Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс күні басталғанға дейін «Баспана Көктал» ТК-ге тағы қайтара барды. Бұл үй төрт жыл бұрын проблемалы болып танылған,ондағы үлескерлер саны 500-ден асады. Тұрғын үй кешенін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Елорда құрылыс компаниясы» салып бітіретін болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Қазан, 2019
Әулиеата тұрғындарының тұрмыстық табысы жақсарады
Бүгінде Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы жалпы өңір халқының арасында кең қолдауға ие болып отыр. Пилоттық жобаға енген он ауылдық округтен бөлек, басқа да елдімекендердің тұрғындары игі бастамаға қызығушылық танытуда. Көптің көкейіндегі сауалдарға жауап беру үшін Жамбыл облысының әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындармен кездесті.
Қоғам • 24 Қазан, 2019
Ақмола облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда
2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында 18 425 адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтанда «KazAgro 2019» халықаралық көрмелері өтуде
Нұр-Сұлтан қаласында «KazAgro 2019» ауыл шаруашылығы және «KazFarm 2019» мал шаруашылығы және ет-сүт өнімдері халықаралық көрмелері өтуде. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 24 Қазан, 2019
Бүкіләлемдік әскери ойындарда қазақстандықтар екі қолаға ие болды
Ухань қаласында өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарында Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржыны екі қола медальға толықты. АОСК құрамына жүлдені грек-рим күресінен армия спортшылары әкелді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.