60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыста ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Айдос Сұлтанғали үшінші орынға иеленді. Ол Үндістан палуаны - 2019 жылғы Азия Чемпионатының қола жүлдегері Гьянендера Дахияны 6:3 есебімен жеңді.
76 келіге дейінгі салмақта армия спортшысы Гүлмарал Еркебаева Литва чемпионы Грета Стэпонитені 10:0 есебімен жеңіп, ел қоржынына екінші «қоланы» әкелді.
Бес күндік жарыс қорытындысымен медаль саны жағынан ойын қожайыны – Қытай көш бастап тұр. Қазақстан құрамасының қоржынында – бір алтын, бір күміс және үш қола бар.