Мұнда соңғы келген уақыттан бері жобаға түзетулер енгізілген: үйге техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілері бойынша жоба мемлекеттік сарпатамада қаралуда. Құрылыс салушының айтуынша, лифтілерді орнату бойынша қалқа-қоршауларын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Әуел баста жоба бойынша 5 қабатты үй салу жоспарланғандықтан мұнда лифті қарастырылмаған, лифтіні өзіміздің қазақстандық компаниядан сатып аламыз, сонымен қоса терезелерін ауыстырамыз. Ал көктемде үйдің ішкі әрлеу жұмыстарына кірісеміз» , - деді құрылыс салушы.
Қала әкімі Алтай Көлгінов қыс түскенге дейін барлық есіктері мен терезелерін жауып, үй төбесінің жабынын бекіту керектігін айтты. Тапсыру мерзімі - 2020 жыл. Қалада барлығы құрылысы аяқталмаған 51 объекті (76 үй) бар. Осы жылдың соңына дейін тапсырылатын үйлердің саны 10-ға жетеді.