Әдебиет • 20 Қазан, 2017
Кемпірдің көршісіне айтқаны Марқұм ұлымды бала кезінен-ақ бетінен қақпай өсірдім. Бес жасында ағасынан қалмай әріп таныды. Директордың бірінші сыныпты оқымай-ақ, екіншіден бастасын дегеніне көнбедім емес пе? Құрдастарыммен бірге оқығым келеді деп өзі де өтінді. Сол құрдастары түбіне жететінін кім білген?! Әттең, екінші сыныпқа секірте беру керек еді... Қатарының алды боп өсті. Мектебін алтын белгіге аяқтап, университетке түскенде кішігірім той жасап едік, иә-иә, өзің де келдің емес пе?
Әлем • 20 Қазан, 2017
Жапон жазушысы Кадзуо Исигуро жайлы не білеміз?
Биылғы жылдың Нобель сыйлығы тегі жапондық, Британия жазушысы Кадзуо Исигуроға «романдарындағы алапат сезім қуаты әлем мен адам арасындағы тылсым байланыстың тұңғиығына жол ашқаны үшін» берілді. Британия басылымдары Исигуроның лауреат атануын жарыса жазып, қазіргі заманның ең беделді жазушыларының санатына қосып отыр.
Әдебиет • 20 Қазан, 2017
Ықтасында жатқан ел еді. Десе де, біздің ауылда жел тұрмаса да шөптің басы қимылдайды. Бұ жолы шынымен дауыл көтерілді. Шөп-шөңге емес, қарағай басын шайқады. Шайқамай қайтсін, Алматыдан асығыс жеткен хабар облыс басшыларын қос қолтығынан көтерген. Ол суыт жаңалық алатаңмен аудан асқан.
Әдебиет • 20 Қазан, 2017
Шахмардан Есеновтің туғанына 90 жыл
Қазақта «Әкеге тартып ұл туар», «Көргені жақсы көш бастар» деген парасатты сөздер бар. Шыққан тегінің Қаратаудай рух күші Алатаудай асқақ арманға бастаған Шахмардан Жорабекұлы Есеновтің өмір жолында үлгі тұтқаны Қаныш Сәтбаев болыпты. Қос алыптың тағдыры ұқсас өрбігені де содан шығар. Екеуі де геолог, Қазақстан Ғылым академиясының президенті, Одаққа танылған ірі тұлға, әлемдік ауқымдағы істерге араласқан қоғам қайраткері.
Аймақтар • 20 Қазан, 2017
Шығыс Қазақстанда «Менің мектебім» жобасының тұсауы кесілді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», деп жазған еді.