Қазақстан • 23 Қазан, 2017
Әліпби ауыстыру – рухани дамуға септігін тигізеді
Бүгінгі күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Еліміз бен балаларымыздың болашағын ойлаған адамға шын мәнінде латын әрпіне көшу қажет деп ойлаймын.
Қазақстан • 23 Қазан, 2017
Тұран-Астана университетінің ректоры: Құтты қадамды құптаймыз
Қазақ тілі – тамырын тереңге жайған, сонау түркілік дүниеден желі тартып келе жатқан көне де жаңа тіл. Олай дейтін себебіміз, жеке халық, ұлт тілі ретінде қазақ тілінің зерттелу тарихы, ғылыми-теориялық негізі бертінде жасалғанмен, оның тұғырнамасы түркі тілдерінің бірі ретінде әлдеқашан қаланып қойған. Сол себепті де ол бүгінгі жаһандану әлеміне жасқанбай аттайтындай негізге ие. Өзінің методологиялық негіздемесі берік қаланған тіл алдындағы қандай биікті болсын бағындыра алады.
Қазақстан • 23 Қазан, 2017
Бұл жалпы еліміздегі тіл саясаты үшін ғана емес экономика, халықаралық байланыс, ұлтаралық қатынас сияқты өзге де маңызды факторларға ерекше әсер ететін болғандықтан қоғам тарапынан қолдаушылар да, қарсы ой-пікірлерін білдіріп жатқандар да жоқ емес.
Қазақстан • 23 Қазан, 2017
Петропавлда латын қарпіне көшу аясында конференция өтті
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты тақырып аясында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім
Алпауыт ел Америка Құрама Штаттарының экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көкжал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сырқатқа шалдыққан қазіргі қаржы капитализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған капитализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыстың отаны әрі таратушысы болғанымен соңғы жылдары барынша әлеуметтене бастаған Еуропа емес, нарықтық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабылдап, бүкіл халық үшін одан әкелік қамқорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.