Спорт • 27 Қазан, 2021
Бүгін Жапонияның Фукуока префектурасына қарасты Китакюсю қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты басталады. Бес күнге созылатын бәсекелер барысында әдеттегідей тоғыз жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Бақ сынаушылар қатарында әр жылдары Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлде алған атақты спортшылар да бар.
Тарих • 27 Қазан, 2021
Майданнан он ұлы аман оралған ана
Газетіміздің 8 қыркүйек күнгі санында «Тырналар жыры» атты жазбамыз жарияланған-тын. Ол мақалада Солтүстік Осетия-Алания Республикасының Алагир ауданына қарасты таулы қыратта орналасқан Дзуарикау атты ауылдан Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған Газдановтардың жеті ұлының бірде-бірі тірі оралмағаны жайлы жазылған еді. Ал бұл жолғы жазба жоғарыдағы қайғылы оқиғаның келесі қыры іспеттес.
Өнер • 27 Қазан, 2021
«Даниярдың әні» қалай дүниеге келді?
«Адамзаттың Айтматовы» атанған ғаламат жазушы Шыңғыс Айтматовтың қай туындысы болсын, оқырманын бейжай қалдырған емес. Одан бөлек, ғажайып қаламгердің кез келген шығармасы қазақ пен қырғызға ортақ секілді көрінетіні бар. Содан да болар, қазақ халқы да дарабоз қаламгердің барлық кітабын жанындай жақсы көріп оқиды.
Тарих • 27 Қазан, 2021
Ұлт тарихын ұлықтаған туындылар
Мемлекеттік орталық музейде «Көшпенділер» трилогиясы – «Тәуелсіздік жаршысы» атты көрме ашылды. Жобаны музей ұжымы Ілияс Есенберлин қорымен бірлесе ұйымдастырды.
Өнер • 27 Қазан, 2021
Қолөнерді қолдау – құндылықтарымызды насихаттау
«Шебердің қолы алтын» дейді қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – қолөнер. Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ата-бабаларымыздың ертеден қастерлеп бағалай білген дүниесі.