Аймақтар • 26 Қазан, 2021

Танысын 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда алаяқтық жолмен ақша тапқысы келген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Танысын 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

Тараз қаласының полициясына 21 жастағы тұрғын шағымданған. Ол өткен жылдың қараша айында бір ер адам Алматыдан тиімді бағамен көлік сатып алуға көмектесетініне сендіріп,  2,5 млн теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтқан.

Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақтоған ауылының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындаған. Бүгінде дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.  

Аталған қылмыс үшін ҚР Қылмыстық кодексінде үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделуі мүмкін.